Бұл туралы Астана қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығы хабарлады.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Рақымжан Қошқарбаев – Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
“Осы жылдың 30 қыркүйек пен 1 қараша аралығында көлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады”, - делінген орталық таратқан хабарламада.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан өз маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу