Өскеменде жолдарды жөндеу мерзімі белгіленген уақыттан 4 айға кешігуде. Басты себеп – мердігерлер жобалық-сметалық құжаттарды дер кезінде тапсырмаған. Олар облыс әкіміне барлық міндеттемені орындаймыз деп бірнеше рет серт берген. Алайда, уәделерінің барлығы құр сөз болып шықты. Биыл Өскемендегі 20 жолды жаңалау үшін 9 миллиард теңге бөлініпті. Жол жөндеу жұмыстары мамыр айында басталуы тиіс болатын. Коммуналды қызметтердің сылбыр әрекетіне облыс әкімі Даниал Ахметов кезекті рет сын айтты.
Даниал Ахметов ШҚО әкімі:
- Біздің жобалаушылар міне осылай жұмыс істейді. Келісімшарт бойынша, жобалық-сметалық құжаттарды 28-ші қаңдарға дейін тапсыруы тиіс болған. Бүгінде бірде бір мердігер өз міндеттемесін орындамады. Автожолдардың уақытында жөнделмейтіні де осыдан басталады.
Автор: Берік Көшербаев