Жол жөндеу жұмыстарында жаңа тәсіл қолданылып отыр

200

Тиісті технология жоба құнын реконструкциямен салыстырғанда 7 есеге арзандатуға мүмкіндік береді. 

Жол жөндеу жұмыстарында жаңа тәсіл қолданылып отыр Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұрын біз негізінен қаражат көзін халықаралық дәліздер мен облыс орталықтарды қосатын күре жолдарға бағыттаған болатынбыз. Облысаралық республикалық жолдар көп жылдардан бері жөндеу жұмыстарымен қамтылмаған болатын. Аталған мәселені түбегейлі шешу үшін республикалық деңгейдегі 7 мың шақырымды қамтитын ауқымды жобаларды бастадық. Биыл Қазақстан Даму Банкінің қаражаты есебінен аталған жолдардың 2 мың 500 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары басталды", - деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.

Келесі жылы қалған 4 мың 500 шақырымда жұмыстар жалғаспақ, деп жалғастырды министр.

"Жөндеудің жаңа тәсілін қолдана отырып, яғни жөл төсемесін "ресайклинг" әдісімен бекітіп, 2 қабат асфальт жабынын салудамыз. Аталған технология жоба құнын реконструкциямен салыстырғанда 7 есеге арзандатуға және 2 есе жылдам жөндеуге мүмкіндік береді", - деді Көлік министр.

Оған 20 жылдан бері жөндеу кезегін күтіп отырған "Жезқазған – Петропавл", "Шалқар – Қандыағаш", "Қарағанды – Қарқаралы", "Семей – Қайнар" және "Семей – Барнаул" сияқты ірі жобалар кірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу