23 нысанда 3 трлн теңгені қамтитын аудит жүргізілді. Нәтижесінде 29 млрд теңгеге қаржылық құқықбұзушылықтар тіркелді, 168 млрд теңгеге бюджет қаражатынын тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың баяндамасына сілтеме жасап.
"Бүгінгі күнге дейін 23 нысанда 3 трлн теңгені қамтитын аудит жүргізілді. Нәтижесінде 29 млрд теңгеге қаржылық құқықбұзушылықтар тіркелді, 168 млрд теңгеге бюджет қаражатынын тиімсіз жоспарланғаны және пайдаланылғаны анықталды", - деді Ә.Смайылов.
Жіберіп алған пайда 307 млрд теңгені құрады. Аудит қорытындысы бойынша 5 материал құқық қорғау органдарына жолданды. 117 материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді.