Жол жөндеуге бөлінген 400 миллион теңге игерусіз қалған

832

Жол жөндеуге бөлінген 400 миллион теңге игерусіз қалған

Павлодарда жол жөндеуге бөлінген қаржының 400 млн теңгесі игерусіз қалған. Облыс әкімі Болат Бақауовтың мәлімдеуінше, биыл өңірдегі аудан аралық тас жолдарды реттеуге бюджеттен 14 млрд теңге қаралыпты. Тағы 1 млрд теңге оны қалыпта ұстап тұруға берілген. Дегенмен, Павлодардағы күре жолдардың 70%-ға жуығының жағдайы "жақсы" дегенді айтады шенеунік. Әзірге жөндеуді шұғыл қажет ететін ауданның бірі – Железин. Мұнда 124 шақырым жол жарамсыз күйде тұр.

Жалпы биыл бұл аймақта небәрі 35 шақырым ғана жол жөнделіпті. Оған бюджеттен 797 млн теңге жұмсалған. Әкімдік ендігі жұмыстарға жергілікті бизнесмендерді де тартуға ниетті. Өйткені аудандағы бүлінген жолмен жүретіндердің дені шаруа қожалықтарының көліктері екен.

"Осы жер шекара аса көп селолық округтар жоқ. Біз қараймызбіртіндеп қалай жасау керек. Бүгінгі қараған проектілер өте қымбат. Сондықтан біз осы жаққа грейдерный техника алып, подсыпка жасап содержание жасаймыз", - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу