Жол жөндеуге қыруар қаржы қарастырылады

968

Жол жөндеуге қыруар қаржы қарастырылады

Павлодар облысының жолдарын жөндеуге барлық бюджеттен 80 млрд теңге бағытталады, деп мәлімдеді халық алдында есеп беру барысында облыс әкімі Болат Бақауов.

"2017 жылы  республикалық  жолдардың  құрылыс-монтаждық  жұмыстарын қаржыландыруға   "ҚазАвтоЖол"  ҰК" АҚ  Павлодар  облыстық филиалына  75 млрд теңге бағыттау  жоспарланған.  Облыстық және аудандық  маңыздағы жолдардың жөнделуіне  барлық бюджеттен  11 млрд теңге бағытталды", - деді ол.

Осылайша Шақат-Шығыс-Шалдай  автожолының  23 шақырымы  749,4 млн теңгеге, Майкаин-Екібастұз бағытындағы  17 шақырым жолды  1,5 млрд теңгеге,  Чернорецк – Ольгино – Успенка – Шарбақты щебенка жолының  10 шақырымын  және 23 шақырым асфальттауды  555,6 млн теңгеге жүзеге асырады.

Сондай-ақ  804,4 млн теңгеге  Жаңажұлдыз- Петропавл автожолының 35 шақырымы  жолы,  орташа  жөндеу  21,5 шақырым автожолға 332 млн теңгеге  көлемінде жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу