Жол жөндеумен айналысатын 80 ұйымға айыппұл салынды

907

Шығыс Қазақстанның жол полициясы Өскемен мен облыс тас жолдарындағы шұңқыр жөндеумен айналысатын 80 ұйымға айыппұл ілді, деп хабарлайды Atameken Business.

Жол жөндеумен айналысатын 80 ұйымға айыппұл салынды

Құқыққорғаушылар жыл басынан бері 450 жол учаскесін зерттеп, автокөлік жолдары сапасының нашарлығына көз жеткізді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша, жол жөндеу жұмыстарымен айналысатын компаниялар 2,5 миллион теңге айыппұл төлеуге тиіс. Полиция қызметкерлері бұл соманың үлкен еместігін мойындап отыр. Бірақ, айыппұлдың ауаны жол сапасының жақсаруына әкеледі деген сенім білдіреді.

Айта кету керек, бұл әрекеттердің барлығына түрткі болған көптеген жүргізушілерден келіп түскен шағым болды. Ашынған жүргізушілер көп жағдайда жол көлік оқиғаларына темір тұлпар иелері емес, жолдардың сапасыздығы түрткі болатынын жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу