Жол жүру ережелері қатаңдатылып, жаңа айыппұлдар енгізілді

523

28 ақпанда палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күтіп ұстауға байланысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті белгілейтін заң жобасын қабылдады.  

Жол жүру ережелері қатаңдатылып, жаңа айыппұлдар енгізілді Фото: Владимир Третьяков

Заң жобасы шағын электрлі және көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу мен пайдалануды құқықтық реттеуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыруға бағытталған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Депутат Нұртай Сабильянов "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе өзгерістермен таныстырды.

"Заң жобасы шағын электрлі және көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу мен пайдалануды құқықтық реттеуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыруға бағытталған. Сондай-ақ, жолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстауға байланысты құқық бұзушылықтар үшін көлік құралының рұқсат етілген жылдамдығын айтарлықтай асырған тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру ұсынылады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу