Қызылорда қаласында қоғамдық көліктерде жолақы қымбаттады. Енді жолаушылар бұрынғы 70 теңгенің орнына 90 теңге төлеуі тиіс. Ал оқушыларға арналған жолақы 10 теңгеге өсіп, 40 теңге болды. Бұл шешім Қызылорда қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында қабылданған.
"Қызылорда автобус паркі" мекемесі жолақы бағасының қымбаттауына нарықтық экономика жағдайы себеп болғанын алға тартады. Қызылордада жолақысы өткен жылы да қымбаттаған болатын. Содан бері жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер ментехникалық қызметтің де бағасы өскен. Сондықтан шығынмен жұмыс істеп келген парк жолақы бағасын көтеруге мәжбүр болдық деп отыр.
Әнуар Нақып - "Қызылорда автобус паркі" ЖШС директоры:
"Автомобиль туралы заңда көрсетілгендей ол жерде жанар-жағармайдың және қосалқы бөлшектердің егер10 пайыздан асып қымбаттаса, біз ұсыныс беруге құқылымыз. Біздің қазіргіқосалқы бөлшектеріміз отандық өнім емес, олардың барлығы шетелден келеді.Қазіргі қосалқы бөлшектердің әр санатына байланысты 100-150-250 пайызға дейінқымбаттап кеткен қосалқы бөлшектеріміз бар. Сондықтан біз осындай ұсынысбердік. Ұсыныс оң шешімін тауып, бүгіннен бастап 90-40 теңге болып белгіленді".