Жолақысын электрондық картамен төлеген жолаушылар 90 теңге үнемдейді

783

Жолақысын электрондық картамен төлеген жолаушылар 90 теңге үнемдейді

Астана қалалық мәслихатының депутаттары елорда автобустарында сараланған тариф енгізу идеясын қолдады. Олар кезекті сессия отырысында елорда әкімдігі қаулысының жобасын қарастырып, қолдау білдірді.

Құжатқа сәйкес, жолаушы жол ақысын электрондық картамен төлеген жағдайда жолақы 90 теңге болып қала береді, ал экспресс-маршруттарда - 180 теңге болады.

Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалы 180 теңгені құрайды. Жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қалалық маршруттардағы баға 180 теңге болады, ал экспресс-маршруттарда 250 теңгеге, әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды тасымалдауда 180 теңгеге дейін көтеріледі. Қала сыртындағы маршруттарда тариф 1 шақырымға 11,5 теңге болады. Ал электрондық карта 1 шақырымға 8 теңгеден асырмайды. Аталмыш құжатта электрондық төлем жүйесінде ақау пайда болған жағдайда жолаушыға тегін жүру құқығын беру мәселесі қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу