Жоламан Боранбаев: Шегіркенің биологиялық көтерілісі деген болады

927

Жоламан Боранбаев: Шегіркенің биологиялық көтерілісі деген болады

Биыл Павлодар облысында шегірткенің алдын алу үшін бюджеттен 45 миллионға жуық ақша бөлініп, 30 мың 722 гектар жерге химиялық өңдеу жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары Жоламан Боранбаев агенттік тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.  

"Шегрткені улау жұмыстарын алдын ала жасалған болжамға байланысты жүргіземіз. Былтырғы зерттеу жұмыстарына сәйкес 30 мың 722 гектар  жерге химиялық өңдеу жүргізуге жоспар жасалған. Оның 20 мың 900 гектары саяқ шегірткеге қарсы. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы қожалықтарына қарасты 17 мың гектар жер тағы белгіленген болатын. Бүгінгі күнге дейін осы жерлердің барлығына тазалық жасалды. Павлодар облысында жалпы 12 млн. гектар жер болса, біз оның 8-10 пайызын ғана қамтудамыз" , - дейді  Жоламан Боранбаев.

Спикердің айтуынша шегірткенің екі түрі бар. Бірі – топтық шегіртке, екіншісі - саяқ шегіртке. Табиғаттың бұл жәндігі көбінде құмды жерлерге қаптайды.  Мәселен, біздің облыста Лебяжі, Павлодар, Качир аудандарының жерлеріне түседі екен.

"Шегіркенің биологиялық көтерілісі деген болады. Ол 10 жылда бір қайталанады. Павлодар облысында 2000 жылы шегірткенің биологиялық көтерілісі болып, 1 миллионнан астам жерге химиялық өңдеу жұмысын жүргіздік. Одан кейін көп шегіртке түскен жоқ болатын. Сондықтан, химиялық өңдеу жүргізетін жер көлемін де азайтқан едік. Бірақ, биылдан бастап шегіртке түсу қаупі байқалғандықтан, қайта көбейтіп жатырмыз. Мәселен, биыл 30 мың болса, келесі жылы 50 мыңға жеткізуіміз мүмкін", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу