Көлікте шылым шеккен жолаушы ескерту жасаған такси жүргізушісін төбелей жөнелген

130

Ақмола облысында такси жүргізушісі жолаушыдан зардап шекті. 

Көлікте шылым шеккен жолаушы ескерту жасаған такси жүргізушісін төбелей жөнелген Фото: cfcbigideas.com

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 47 жастағы ер адам құқық қорғау органдарына арыз түсірген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Жәбірленуші такси қосымшасы арқылы тапсырыс қабылдап, клиентті межелі жеріне апара жатқанда, жолаушы жүргізушінің рұқсатынсыз көлікте шылым шеккен", – дейді полиция өкілдері.

Клиенттің бұл әрекетіне жүргізуші ескерту жасаған, бірақ жолаушы агрессивті реакция білдіріп, сөзге келген.

Жүргізуші жағдайды ушықтырмау үшін көлікті тоқтатып, жолаушыдан түсуін сұраған. Алайда, ол түсудің орнына жүргізушіге шабуыл жасап, соққыға жыққан.

Қазіргі таңда күдіктінің жеке басы анықталды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесіне сәйкес заңды шаралар қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу