Жолаушы такси жүргізушісіне пышақ ала жүгірген

941

1989 жылы туған күдікті қамауға алынды.  

Жолаушы такси жүргізушісіне пышақ ала жүгірген

Алматыда такси жүргізушісіне жолаушысы пышақ ала жүгірген. Бұл факт жолаушы тұратын үйдің камераларына түсіп қалған. Қалалық полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

"Бізге 12 қаңтар күні 1987 жылы туған Б. есімді жәбірленуші хабарласты. Ол такси жүргізушісі болып жұмыс істейді. Сол күні жәбірленуші Шұғыла ықшам ауданындағы үйлердің біріне отбасылық жұпты екі баласымен жеткізген.  Сол тұста жолаушының баласы темір тұлпардың ішін былғағанын көрген жүргізуші көлік жууға қосымша ақша төлеуді талап еткен. Нәтижесінде қос тараптың арасында жанжал шыққан. Кейін 1989 жылы туған жолаушы балаларын үйге кіргізіп, ақша алып шығуды уәде еткен.  Алайда ол пышақ алып шығып такси жүргізушісінің сол қолын жаралап, ішіне суық қару тығып алған", – деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факт Наурызбай ауданының сот алды тергеу реестрінде тіркелген. 1989 жылы туған күдікті қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу