Жолаушы тасуға арналған құжаты жоқтарға 45 мың теңгеден аса айыппұл салынады

759

Жолаушы тасуға арналған құжаты жоқтарға 45 мың теңгеден аса айыппұл салынады

Жергілікті билік Астанадағы заңсыз қызмет ететін таксилерді жою үшін тексеру жүргізгелі отыр, деп хабарлайды baribar.kz.

12 қыркүйектен бастап бір ай көлемінде заңсыз такси қызметін атқаратын жүргізушілер анықталады. Сондай-ақ, медициналық және техникалық тексерістен өтпеген көліктер тазартылады. Олардың ішінде жолаушы тасуға арналған құжаты жоқтарға 45 380 теңге дейін (20 АЕК) айыппұл салынады.

Қазір қалада жолаушы тасымалдау қызметін атқаратын 14 таксомоторлы компания бар. Оларың екеуімен қала әкімдігі келісімге келіп, тарифтерін бекіткен. Алайда, жолаушылар арнайы такси шақыртқанға қарағанда жол-жөнекей ұстағанды жөн көреді екен. Себебі, бағасы да қолайлы, әрі уақыт үнемдейді.

"АСТАНА LRT" ЖШС жолаушылар көлігі бөлімінің маманы Абдыхамит Тамабаевтың айтуынша, болашақта жол-жөнекей такси тоқтатқан адамдарды алып кететін жүргізушілер де жауапқа тартылады. Мобильді қосымшаарқылы қызмет ететіндер де тексерілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу