Жолаушы тасымалдайтын әуе көлігінің қызметі арзандады

757

Еліміздің төрт облысында бұл қызмет түрі қымбаттаған.

Жолаушы тасымалдайтын әуе көлігінің қызметі арзандады

Жолаушы тасымалдайтын әуе көлігінің қызметі биыл 9%-ға арзандады. Бұл туралы Energyprom.kz басылымы хабарлады. Дегенмен биыл жолаушылар саны былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 40%-ға азайған.

2020 жылдың қаңтар және қыркүйек айлары аралығында 3,8 миллион жолаушы тасымалданған. Қыркүйекте 608,5 мың жолаушы әуе көлігіне отырған: тамыз айындағыдан 13,1%-ға көп.  

Жолаушы айналымы соңғы тоғыз айда 5,9 млрд жолаушы шақырымы болды, яғни бір жылда 2,2 есе қысқарған. Қыркүйекте жолаушы айналымы 947,8 млн жолаушы шақырымына жеткен, тамыз айында бұдан 46,5%-ға кем болған еді.

Әуе көлігі халықаралық ассоциациясының соңғы болжамы бойынша, биыл әуе тасымалы 2019 жылмен салыстырғанда 66%-ға азаюы мүмкін. Бұған дейін 63%-ға кемиді деп айтылған еді. 

Өткен айда жолаушы тасымалдайтын әуе көлігінің қызметі 2019 жылдың қыркүйегіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 8,7%-ға арзандады. Еліміздегі 17 өңірдің 4-еуінде баға өскен: Батыс Қазақстан облысы (36,1%), Атырау облысы (13,1%), Қарағанды облысы (5,6%), Қостанай (4,5%). Ал төрт облыста керісінше қызмет құны өзгеріссіз қалды: Ақмола облысы, Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу