Жолаушы тасымалдаушыларға салынған "Сергектің" айыппұлы заңсыз болып шықты. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Мамандардың айтуынша, палатаға турист тасымалдаумен айналысатын 10 мекеме шағымданған. Олар 160 мың теңгені көлеміндегі "Сергектің" айыппұлы негізсіз екенін алға тартқан.
Ал атылмыш жүйеге жауапты компания өкілдерінің айтуынша, арнайы жолақпен жүруге тек қоғамдық көліктерге ғана рұқсат етілген. Ал туристік автобустар қоғамдық көлікке жатпайтындықтан, 21 рет айыппұл салынған. Бірақ, Ішкі істер министрлігінің араласуымен мәселе кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу