Жолаушы тасымалы 37%-ға, жолаушы айналымы 38%-ға қысқарды

1201

Кәсіпорындардың табысы азайды.

Жолаушы тасымалы 37%-ға, жолаушы айналымы 38%-ға қысқарды

Автокөлік және қалалық электр көлігі арқылы жүзеге асырылатын жолаушы тасымалы мен айналымы азайған. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады.

Өткен аптаның демалыс күндері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Екібастұз қалаларында шектеу шаралары күшейтіліп, қоғамдық көліктің қозғалысы азайтылған еді. Бірақ такси қызметіне ешқандай тыйым салынбады.

2020 жылдың қаңтар және мамыр айлары аралығында автокөлік пен қалалық электрлі көліктермен жүретін жолаушылардың саны күрт кеміді: 36,7%-ға қысқарып, 5,9 млрд болды. Ал жолаушы айналымы 37,3%-ға төмендеді.

Мұндай жолаушылардың басым бөлігі автобусты пайдаланатындар: биыл мамыр айына дейін 4,4 млрд жолаушы тіркелген. Автобуспен жол жүретіндердің қатары осы жылы 38,6%-ға азайған.

Такси қызметіне жүгінгендердің саны 1,5 млрд болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 30,3%-ға аз. Трамвай тасымалы пандемиядан аса қатты зардап шеге қойған жоқ: 17,3%-ға қысқарып, жолаушылардың саны 10,3 миллионға дейін төмендеді.

Автокөлік пен қалалық электрлі көлік кәсіпорындарының табысы 7,9%-ға азайып, 95 млрд теңгеге дейін түсіп кетті. Жүк тасымалынан түскен табыс 9,7%-ға, ал жолаушы тасымалынан түскен табыс 32,6%-ға қысқарып, 28,9 млрд теңге болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу