"Жолаушы ұшақ Ақтөбе әуежайына қонбай тұрып көз жұмған" – Әуежай ресми хабарлама жасады

Бұған дейін Boeing-777 ұшағының жолаушысы қайтыс болып, шұғыл Ақтөбеге қонған еді. 

"Жолаушы ұшақ Ақтөбе әуежайына қонбай тұрып көз жұмған" – Әуежай ресми хабарлама жасады Фото: Әзиз Жанұзақ

Онда жолаушының жағдайы әуеде келе жатқанда-ақ нашарлағаны айтылған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марқұмның 42 жастағы әйел екені белгілі болып отыр. Ол әуелі өзін жайсыз сезініп, сол уақытта көз жұмған. 

Екатеринбург – Сочи бағытында ұшқан әуе рейсіндегі қайғылы жағдай туралы Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы ресми парақшасында жазды. Олар қаза тапқан жолаушының туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. 

– Ұшақ жерге қонған кезде шұғыл әрекет ету қызметі мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Өкінішке қарай, жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмады. 1983 жылы туған жолаушы ұшақ Ақтөбе әуежайына қонбай тұрып көз жұмған. Ақтөбе халықаралық әуежайы жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Жердегі қызметпен байланысқа шығып, бірге жұмыс істеген әуе кемесінің экипажына алғысымызды айтамыз, – деп хабарлады Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу