Жолаушыдан 89 асхана пышағы табылды

699

Жолаушыдан 89 асхана пышағы табылды

Оңтүстік-Сахалинск әуежайында Жапонияның Саппоро қаласынан келген жолаушыдан 89 асхана пышағы табылды. Бұл туралы Сахалинск кеденінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Пышақтарды кедендік бақылаудан өткізу кезінде анықтаған. 89 пышақпен бірге оларды қайрайтын құралдар да болған.

- Бұл заттардың көптігіне қарағанда, жеке қажеттілік үшін емес, коммерциялық мақсатта әкелінгені анық, дейді баспасөз хатшысы Екатерина Подлужная.

Ресейлік азаматқа тауарларды мағұлымдамау фактісімен әкімшілік құқықбұзушлық бойынша іс қозғалды. Азамат енді пышақтар мен қайрақтардың құнының бағасынан екі есе көп айыппұл төлейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу