Жолаушылар ағыны азайса да, баға 6 пайыз өскен

945

Тасымалдаушылардың табысы 11,6% төмендеген. 

Жолаушылар ағыны азайса да, баға 6 пайыз өскен

Елімізде пандемия салдарынан жолаушылар тасымалы 8 есе азайса да, жол жүру құны 6 пайыз қымбаттаған. Еnergyprom.kz жолаушылар тасымалы нарығындағы статистикаға талдау жасады. 
Жалпы жолаушылар тасымалының 71,4 пайызы автобустардың үлесінде. Ресми статистикаға сенсек, такси қызметіне жолаушылардың 28,1 пайызы ғана жүгінген екен. Автобустарға жыл басынан бері 5 млрд жолаушы мінген. Бұл былтырғыдан 2,3 есе аз. Таксилер 2 млрд адам тасыған. Бұл былтырғыдан 47 пайыз аз. Автомобиль арқылы тасымалданған жүктің көлемі 2 млрд тонна. 2019 жылғы көрсеткіштен 8,5 пайыз ғана аз. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, 8 айда автомобиль және қалалық электрлі көлік компаниялары 152,9 млрд теңге тапқан. Бұл былтырғыдан 11,6 пайыз төмен.  Дегенмен, локдаун алынып тасталғаннан кейін салада оң серпіліс байқалып, ол бағаға тікелей әсер еткен.

"Тамыз айында автомобильмен жолаушы тасымалдау көрсеткіші былтырғы салыстырмалы кезеңге қарағанда 5,6 пайыз өсті. Қызмет құны барлық өңірде өсті деуге болады. Тек Шымкент қаласында ғана бытырғы баға сақталып отыр. Ал Түркістан облысында бағаның ең қарқынды өсуі  (28,1%) байқалды.  Екінші орындағы Маңғыстау облысында тасымал бағасы бірден 25,4% өскен"", - деп жазады Еnergyprom.kz

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу