Жолаушылар Алматы әуежайы арқылы 528 млн теңге алып өтпек болған

688

Осы заң бұзушылықтар бойынша 3,2 млн теңге айыппұл салынды. 

Жолаушылар Алматы әуежайы арқылы 528 млн теңге алып өтпек болған

2022 жылдың басынан бастап Алматы қаласының кеденшілері жалпы сомасы 528 млн теңгені заңсыз алып өту фактісінің жолын кесті.

Жеке тұлғалар ақшаны Алматы қаласының әуежайы арқылы алып өтуге тырысқан.

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

"Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлерімен биылғы жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 551 және 545-баптары бойынша 103 әкімшілік материал толтырылған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 13 факт анықталған. Анықталған немесе декларацияланбаған қолма-қол қаражаттың сомасы 528 млн теңгеден асты, осы бұзушылықтар бойынша салынған айыппұл сомасы 3,2 млн теңгені құрады", – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Осылайша, қаңтарда "Алматы-Абу-Даби" бағытындағы әуе рейсінің жолаушысы ұшып шығу залында тоқтатылды, одан 57 мың АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол қаражат табылған.

Ақпанда "Алматы-Ыстамбұл" әуе рейсі жолаушысынан кедендік бақылауды жүзеге асырғаннан кейін 97 мың АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол қаражат табылып, тоқтатылды.

"Материал Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Азаматшаға ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы (Экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамырда "Сеул-Алматы" бағытындағы әуе рейсінің жолаушысы ұшып шығу залында тоқтатылды, ол 12 мың АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақшаны шетелге алып кетпек  болған", – деп хабарлады комитетте.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 мың АҚШ долларынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу