Жолаушылар Astra plat картасына шағымдануда

791

Себебі электронды картаны пайдаланушылар 90 теңгенің орнына 180 теңге төлеген.

Жолаушылар Astra plat картасына шағымдануда

Елорда автобустарында жол ақысын төлеуге арналған электронды картаны пайдаланушылар 90 теңгенің орнына 180 теңге төлегендіктерін айтып шағымдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен Фейсбук әлеуметтік желісінде Наталья Ибрагимова бір ретті сапарға картасынан 90 теңгенің орнына 180 теңгенің алынғанын жазды.

"Қазіргі ғана автобустарда LRT картасынан 90 теңгенің орнына 180 теңге жол ақысы алынатындығы туралы жазбаны оқып едім.  Содан өз картамды тексермек болдым. Балансын тексерсем, шынымен де солай екен. Кеше екі рет автобусқа отырдым және 180 теңгенің орнына 360 теңге шешіп алыпты. Бұл алаяқтық қой. Әйтпесе басқаша қалай түсіндіресің. Картамдағы шешіп алынғанға дейінгі соманы нақты білетінмін", - деп жазды ол.

Тағы бір әлеуметтік желі қолданушы Bayan Smagulova не бәрі 5-10 минуттың ішінде екінші автобусқа ауысып мінгенінде тағы да жолақысын шешіп алғандығын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, 1 сағаттың ішінде бір автобустан екіншісіне ауысып мінгенде жолақысы тегін болады. Шағымдар астана әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығында тіркелген. 109 қызметінің мәліметінше, шағымдар қаралғаннан кейін жауап беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу