Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

2699

Жетісу облысының прокурорлары қираған жолды қалпына келуіне және лауазымды тұлғаның жазалауына қол жеткізді. 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары Басқармасының бұрынғы басшысы сотталды Фото: E-history.kz

2023 жылы еріген судың шайып кетуінен қираған Кербұлақ ауданы Малайсары бекетіне апаратын жол қоғамдық наразылық тудырған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Прокурорлық тексеру барысында аталған аумақта жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды.

Осыдан кейін арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу жұмыстары ағымдағы жөндеу жұмыстары сияқты көрсетіп жобалық-сметалық құжаттама жасамаған және сараптама жүргізілмеген анықтады.

Соның салдарынан су бұрудың сыйымдылық қуаттылығы есептелмеген, жұмыс сапасы қамтамасыз етілмей, жолдың бұзылуына әкеп соққан.

Мемлекетке келтірілген шығын 22 миллион теңгеден астамды құрады.

Өз кінәсін мойындағаннан кейін, сотталушының жасын және келтірілген зиянды толық өтелгенін ескере отырып, сот бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу