Жолаушылар назарына: Астана қаласының әуе кеңістігі бүгін уақытша жабылады

231

Маңызды ақпаратты Көлік министрлігі таратты.  

Жолаушылар назарына: Астана қаласының әуе кеңістігі бүгін уақытша жабылады Фото: gov.kz

Бүгін, 2025 жылдың 16 сәуірінде Астананың үстіндегі әуе кеңістігін уақытша жабу туралы хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оған басты себеп – әскери парадқа дайындық. Айта кетейік, Қазақстанда 2020 жылдан бері әскери шерулер өткізілмеген.

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі", – делінген ҚР Көлік министрлігінің Telegram-каналында жарияланған хабарламасында.

Осыған байланысты жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді, сондай-ақ әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді сұраймыз:

Air Astana

  • Алматы: + 7 (727) 244 44 77
  • Астана: + 7 (7172) 58 44 77
  • қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77

SCAT +7 (7252) 99 88 80

Qazaq Air +7 (727) 356 14 14

FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)

Астана әуежайы +7 (7172) 702–999

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу