Жолаушылар пойыздары Арыс станциясы арқылы уақытша өткізілмейді

1737

Ұлттық тасымалдаушы "Шымкент – Арыс– Тимур" учаскесіндегі жолаушылар пойызының қозғалысы кешігетінін хабарлады.

Жолаушылар пойыздары Арыс станциясы арқылы уақытша өткізілмейді

Арыс станциясы арқылы өтетін жолаушылар пойыздары уақытша кешігеді, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған оқиғаға байланысты "Шымкент – Арыс– Тимур" учаскесіндегі жолаушылар пойызының қозғалысы кешігеді", – делінген хабарламада.

Тап қазіргі уақытта "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның барлық құрылымдық бөлімшесі жолаушылар пойыздарының қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараны жасап жатыр. Пойыздардың кешігетіні туралы ақпар  дауыс зорайтқыштар және вокзалдардағы анықтама бюролары арқылы таратылуда.   

Сондай-ақ компания жолаушылар пойызына қатысты барлық ақпарды Бірыңғай анықтама қызметінің анықтамасы арқылы нақтылап білуге болатынын, жолаушылар пойыздарының кешігуіне қатысты ақпар мәліметтердің түсуіне қарай жаңартылып отыратынын мәлім етті. Ұлттық тасымалдаушы орын алған жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу