Жолаушылар пойыздарын тексеру күшейеді

981

Жалпы жыл басынан бері аумақтық көліктік бақылау органдары жол бойында 866 жолаушы пойызын тексерді. 

Жолаушылар пойыздарын тексеру күшейеді

Пәкістанның солтүстік-шығысында Пенджаб провинциясында болған қайғылы оқиғаны ескере отырып, ҚР ИИДМ Көлік комитеті Көліктік бақылау инспекцияларына ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен және "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-мен бірлесіп еліміздің аумағы бойынша жүретін барлық жолаушылар пойызында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуді әрі күшейтуді тапсырды.

Жалпы жыл басынан бері аумақтық көліктік бақылау органдары жол бойында 866 жолаушы пойызын тексерді, оның ішінде 577-сі "Жолаушылар тасымалы" АҚ, 39-ы "қала маңындағы тасымал" АҚ, 11-і  "қала маңындағы жергілікті атқарушы орган", 111-і ТМД қалыптастыру пойызы және 132-сі "жеке тасымалдаушылар".

Нәтижесінде 5136 жолаушы тасымалдау ережесін бұзушылық анықталды, оның ішінде 38 өрт қауіпсіздігі бойынша бұзушылық анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу