Жолаушылар пойыздарында әйелдер вагоны ашылды

749

10 қазаннан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ әйел адамдар үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу бойынша жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылар пойыздарында әйелдер вагоны ашылды

№77/78 "Алматы – Маңғыстау" және №351/352 "Алматы-1 – Өскемен" жолаушылар пойыздарында бір купе вагоны әйелдерге арналады. BILET.RAILWAYS.KZ сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында темір жол билеттерін рәсімдеу кезінде "ЖН" (әйелдер) белгісі болған жағдайда бұл вагон тек қана әйелдерге арналғандығын білдіреді. 7 жасқа дейінгі ұл балаға билет алуға болады. Ал ер адамдар билет сатып аларда мұқият болуы керек.

10 қазанда әйелдер вагонына 92 жолаушының жол жүру құжаты (билеттерін) рәсімделді.

Осы қызметке сұраныс болған жағдайда компания Қазақстан ішіндегі маршруттардың ауқымын кеңейтуге дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу