"ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі 31 шілде күні Мойынты-Шығанақ жол телімінде болған оқиғаға байланысты хабарландыру жасады.
"31- шілдеде 22.16 сағатта Мойынты-Шығанақ жол телімінде жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. Алғашқы болып №9 Астана- Алматы пойызы өткізілді. Оның соңын ала №175 Астана-Шымкент, №55 Көкшетау- Қызылорда, №86 Сарыағаш- Астана пойыздары жөнелтілді", - делінген хабарламада.
Айта кетсек, аталған жол телімінде жүк пойызы вагондары рельстен шығып, салдарынан 5 жолаушылар пойызы діттеген жеріне уақытылы жете алмаған. Енді жолаушыларға келтірілген қолайсыздық үшін барлық шығынды жүк вагонының иесі "Исткомтранс" ЖШС мойнына алады.