Жолаушылар пойызына кранның қауғасы құлады

994

"ҚТЖ" компаниясының баспасөз қызметі Ақтөбе облысы Шоқысу станциясында болған жағдайға қатысты түсінік берді.  

Жолаушылар пойызына кранның қауғасы құлады

"Алматы-2 – Маңғыстау" жолаушылар пойызына кранның қауғасы құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"9 қыркүйекте Шоқысу станциясында жүк пойызы орнынан қозғалған кезде 26-вагонға тиелген кран қауғасы құлаған. Салдарынан көрші жолда жүріп бара жатқан "Алматы-2 – Маңғыстау" №77 жолаушылар пойызындағы локомотив және 13 вагонға зақым келген (вагондарға сызат түскен, оның ішінде 2 вагонның терезелері сынған, тағы 2 вагонда тұтқалар бүлінген", - деп жазылған хабарламада.

Жолаушылар пойызы 17 минуттан соң жолға шыққан. Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу