Жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

832

"Сарыағаш-Нұр-Сұлтан" бағытындағы №85 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді.  

Жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді

"Анастасия Гранкина 14 ақпанда Тараздан Павлодарға жолға шыққан. Жол бойында Киік- Босаға учаскесінде жолаушы №11 вагонның жолсерігі Ұлтуар Ибрагимовадан көмек сұрап, жүктіліктің тоғызыншы айында екеніндігін және толғағы басталғандығын хабарлады. Пойыз бригадасының қызметкерлері босанған әйелге алғашқы көмек көрсету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Жақын станцияға жедел жәрдем шақырылды. Медицина қызметкерлері келгенге дейін пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб вагонының кезекші жолсерігі Зина Күнісбаева жолаушыға босану кезінде көмек көрсетті",– деп жазады "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Әйел 14.53-те Ақадыр стансасына жақындаған шақта аман-есен босанған, қызының есімін Әмина деп қойыпты.

"Пойыз Ақадыр стансасына келгеннен кейін жедел жәрдем қызметкерлері жаңа туған нәрестені және сол баланың анасын қарап шықты. Баланың жағдайы қанағаттанарлық болды, анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты және олар соңғы стансаға дейін жол жүріп кетті",– деп жазылған "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу