Жолаушылар саны 5,2%-ға артты

641

Наурыз-сәуір айларында тасымалданған жолаушылар саны 70%-ға қысқарды. 

Жолаушылар саны 5,2%-ға артты

2020 жылдың І тоқсанында әуе көлігімен 1 млн 687 мың жолаушы тасымалданды.
Статистика комитетінің деректері бойынша 2019 жылдың І тоқсанында тасымалданған жолаушылар саны 1 млн 604 мың адам болатын. Демек биыл көрсеткіш 5,2%-ға жоғарылаған. 

Әйтседе 2020 жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстанда тасымалданған жолаушылар саны 70%-ға қысқарды. 

Оған себеп 1 сәуірден бастап Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның тапсырмасын орындау шеңберінде 97 халықаралық бағыт бойынша аптасына 440 рейс немесе барлық халықаралық ұшулардың 99% қысқартылды.
Сонымен қатар 1 сәуірден 1 мамырға дейін барлық тұрақты ішкі рейстер де тоқтатылды.

Еске сала кетсек, 1 мамырдан бастап елімізде ішкі әуе қатынасы қайта қалыпқа келе бастады. Бірінші кезекте Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстердің ұшуына рұқсат етілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу