Жолаушылар тасымалдайтын паром апатқа ұшырап, 44 адам суға кетті

1033

Алдын ала болжам бойынша паромда 300 адам болған көрінеді.

 Жолаушылар тасымалдайтын паром апатқа ұшырап, 44 адам суға кетті

Кеше Танзанияда жолаушылар тасымалдайтын паром апатқа ұшырап, 44 адам суға кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Мәлім болғандай, апат Виктория көлінде болған. Қараңғы түскендіктен құтқару жұмыстары таңға дейін тоқтатылған.

Алдын ала болжам бойынша паромда 300 адам болған көрінеді. Алайда нақты мәліметке қол жеткізу қиын. Өйткені сатылған билеттердің жазбасы салмен бірге суға кетті.

Естеріңізге сала кетсек, Виктория көліндегі ең ірі апат 1996 жылы тіркелген. Онда 500 адам қайтыс болды. Ал 2012 жылы осы сынды қайғылы оқиғада 145 адам опат болды. Бұған көлікте адам санының тым көп болуы себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу