"Жолаушылар тасымалы" АҚ билет бағасына қатысты пікір білдірді

1657

Әлеуметтік маңызы бар бағыттарға жолаушыларды тасымалдау қызметіне тарифтердің жыл сайын өсетіні қарастырылған.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ билет бағасына қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар бағыттарға тарифтер қымбаттамаған, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Бірқатар БАҚ-та 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар тарифтердің көтерілгені туралы ақпаратқа байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ хабар таратады. "Тарифтердің өсуі/кемуі туралы шешімді уәкілетті орган көрсетілген есептерге байланысты қабылдайды. Осыған орай, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтер қымбаттамаған", – деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті мен "Жолаушылар тасымалы" АҚ арасында жасалған жолаушыларды тасымалдауға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау туралы келісімге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар бағыттарға жолаушыларды тасымалдау қызметіне тарифтердің жыл сайын өсетіні қарастырылғанын атап өтті.

"Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 28-28-9/2920 хатына сәйкес, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ны құру үшін 2019 жылғы 21 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар 28 бағыт бойынша тарифтерді 10%-ға өсіру келісілді. Жалпы, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның 39 бағыты мемлекеттік және жергілікті бюджеттен субсидиялауға жатады", – делінген хабарламада.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу