"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ы пойыздардың жаңа жүру кестесін енгізеді

1163

Осыған байланысты биылғы жылдың 8 желтоқсанынан бастап кейбір бағыттардың өзгеретіндігі туралы хабарлайды. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ы пойыздардың жаңа жүру кестесін енгізеді

Атап айтқанда,  №375/376 "Нұр-Сұлтан – Риддер" бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, ол облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды, ал №85/86 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Сарыағаш" пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт "Нұр-Сұлтан-1 - Сарыағаш" деп өзгереді, деп хабарлайды темір жол жолаушылар тасымалы компаниясының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ №673/674 "Павлодар – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" бағыты бойынша жүретін пойыз енді "Павлодар - Нұр-Сұлтан-1" бағыты бойынша қатынайды.

Күн ара жүретін №712/711 "Нұр-Сұлтан – Шымкент" жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады.
Сонымен қатар, алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді. "Жолаушылар тасымалы" АҚ-на қарасты № 153/154 "Нұр-Сұлтан- Семей" енді № 353/354 пойызы, № 375/376 "Нұр-Сұлтан-Өскемен-1" енді № 67/68, № 377/378 "Алматы-Маңғыстау" №77/78 болды.

Жеке тасымалдаушылар – № 312/311 "Нұр-Сұлтан- Семей" енді №121/122 ("Арай транс kz" ЖШС-ке қарасты), № 307/308/ "Нұр-Сұлтан- Жезқазған" енді №107/108 ( "Марал Нұр" ЖШС), № 617/618 "Қызылорда-Нұр-Сұлтан" енді №117/118 ("Марал Нұр" ЖШС) болып жүреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу