ҚТЖ жазда қосымша 11 пойыз бағытын іске қосады

142

Бұл шешім жолаушылардың демалыс маусымындағы жоғары сұранысын қанағаттандыру мақсатында қабылданды.  

ҚТЖ жазда қосымша 11 пойыз бағытын іске қосады Фото: railways.kz

Жаңа пойыздар қозғалыс кестесіне енгізіліп, бірқатар бағыттар бойынша қатынау жиілігі артады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында төмендегі пойыздар қатынайтын болады:

3 Тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады:

  1. №253/254 "Астана – Достық"  (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.
  2. №207/208 "Алматы – Жаланашкөл"  (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.
  3. №211/212 "Алматы – Достық"  (Тальго) пойызы күнара қатынайды.
  4. №221/222 "Алматы – Достық" пойызы аптасына 3 рет қатынайды.
  5. №457/458 "Семей – Достық" пойызы күнара қатынайды.
  6. №459/460 "Өскемен – Достық" пойызы күнара қатынайды.
  7. "Алматы – Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
  8. "Қызылорда – Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
  9. "Павлодар – Достық" бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
  10. №201/202 "Астана – Алматы" пойызы күн сайын жүреді.
  11. №203/204 "Астана – Шымкент" пойызы күн сайын жүреді.

Қосымша пойыздардың іске қосылуы 270 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Билеттерді жөнелту күніне 45 күн қалғанда bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып ала алады.

Жолаушылар үшін ақпарат алу және кері байланыс орнату арналары қолжетімді. Пойыздардың қозғалысы туралы мәліметті https://tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-таблодан, сондай-ақ 1433 нөмірлі колл-орталық немесе +7 776 714 5686 WhatsApp чаты арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу