"Жолаушылар тасымалы": Билет ақшасы толық қайтарылады

1723

Төтенше жағдай режиміне байланысты пойыз билетін қайтарған жолаушыларға ақшасы 100% беріледі. 

"Жолаушылар тасымалы": Билет ақшасы толық қайтарылады Фото: Максим Морозов

"Қазақстан темір жолыа" қарасты "Жолаушылар тасымалы" компаниясы бүгін осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Маркетинг департаменті директоры Алмас Айтбаевтың айтуынша, кері төлім 6 айдың ішінде жүргізіледі. 

"Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланыс кері қайтарылып жатқан билеттер өте көп. Барлығы да ақшасы 100 пайыз қайтарылады. Ешқандай айыппұл төлемдері ұсталмайды. Кассалар қазір күшейтілген режиде жұмыс істеп жатыр. Тәулігіне 24 сағат десек те болады. Онда қайтаруға жеткілікті ақша резерві бар",– дейді "Жолашылар тасымалы" АҚ маркетинг департаментінің директоры Алмас Айтбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу