"Жолаушылар тасымалы" сотта жеңілді

875

Компания билеттерді қайтару кезінде 1 мың теңгені негізсіз ұстап қалып отырған.

"Жолаушылар тасымалы" сотта жеңілді

Монополияға қарсы орган "Жолаушылар тасымалы" компаниясына бұған дейін, яғни ақпанда тексерулерге дейін орын алған бұзушылықты жоюға уақыт берген еді. ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің хабарлауынша, компания берілген мүмкіндікті ескермеген. Осылайша сотқа жеткен істе, жеңілген.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ билеттерді қайтару кезінде 1 мың теңгені негізсіз ұстауына байланысты үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін сот кінәлі деп таныды",– деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу