Жолаушылар ұшағына тарифтік жеңілдіктер жойылуы мүмкін

1019

Еуразиялық одақ елдеріне импортталатын жолаушы ұшақтарына тарифтік жеңілдіктер жойылуы мүмкін. Ресей осындай бастама көтеріп отыр.

Жолаушылар ұшағына тарифтік жеңілдіктер жойылуы мүмкін

ЕАЭО елдеріне импортталатын жолаушы ұшақтарына тарифтік жеңілдіктер жойылуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Еске салайық, 2009 жылы Кедендік одақ комиссиясы 300 орынға дейінгі жолаушы тасымалдайтын ұшақтарға баж салығын уақытша тоқтатқан болатын. Жеңілдік кезеңі 2023 жылы аяқталуға тиіс. Қазақстан тарапы мерзімді 2031 жылға дейін ұзартуды сұраған. Өйткені, Air Astana және SCAT әуе компанияларына алдағы 10 жылда  60 ұшақ сатып алу керек. Егер импорттық жеңілдіктер жойылса, онда елімізге 500 млн доллар шығын келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу