Жолаушылар ұшағының пилоты ұшу кезінде жарты сағат ұйықтап қалған

1095

Ұшақта 153 жолаушы мен төрт стюардесса болған. 

Жолаушылар ұшағының пилоты ұшу кезінде жарты сағат ұйықтап қалған Фото: freepik

Индонезияның Кендариқаласынан Джакартаға бағыт алған Batik Air ұшағында қызықты оқиға болды, деп хабарлайды Inbusiness.kzсайты.

Екі ұшқыш, 32 жастағы капитан мен 28 жастағы бірінші офицер ұшу кезінде шамамен 28 минут ұйықтап қалған. Осы оқиғаға қатысты Индонезияның көлік министрлігі тергеуді бастады. Крейсерлік биіктікте ұшқыштар құлаққаптарын шешіп, ассистенттен ұшақты уақытша басқара отыруын өтінген.

Капитан шамамен 28 минуттан кейін оянып, ұшақтың жоспарланған бағытынан ауытқығанын түсінген. Алдын ала есеп бойынша командир ұшқыш оянғаннан кейін диспетчерлерге ұшу кезінде "радиобайланыс мәселесі" пайда болғанын айтып, шешімін тапқанын түсіндірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу