4 тамыз түнгі 00:55-те әуеге көтерілген Boeing 777 ұшағында шамамен 300 жолаушы болған. Гонконг әуежайына қонуға аз ғана қалғанда, қалада толассыз жаңбыр жауып, қатты дауыл соқты. Бар болғаны бірнеше сағат ішінде 350 мм-ден астам жауын жауып, билік ең жоғарғы деңгейдегі "қара дауыл" дабылын жариялады.
Қонуға мүмкіндік болмаған соң ұшақ бағытын өзгертіп, тағы 5 сағат ұшып Тайваньның халықаралық әуежайына қонды. Бірақ халықаралық ережелер мен көші-қон шектеулеріне байланысты жолаушылар тағы 11 сағат бойы ұшақтан түсе алмады.
Осылайша, жоспарлы 13 сағаттық сапар 29 сағатқа созылды.