Жолаушылар вагондарындағы стоп-кранды пайдалану ережелері ескертілді

153

Оны жеке мақсатта немесе негізсіз пайдалануға қатаң тыйым салынады. 

Жолаушылар вагондарындағы стоп-кранды пайдалану ережелері ескертілді Фото: Жолаушылар пойызы АҚ

"Жолаушылар тасымалы" АҚ теміржол көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыс тәртібін бұзудың алдын алу мақсатында жолаушыларға вагондардағы стоп-кранды дұрыс пайдалану ережелерін ескертеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Стоп-кранды тек төтенше жағдайларда — жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде немесе қозғалыс қауіпсіздігіне қатер туындағанда ғана қолдануға болады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес, стоп-кранды негізсіз қолданған жағдайда бес айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.

Стоп-кранды іске қосқан соң, жолаушы бұл туралы дереу жолсерікке немесе пойыз бригадасының мүшелеріне хабарлап, себептерін түсіндіруге міндетті.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ төтенше тежеудің пойыз қозғалысы кестесінің бұзылуына және қосымша қауіптерге әкелетінін ескертеді. Сондықтан стоп-кранды тек шұғыл жағдайларда қолдану қажет.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірінен алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу