Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысына сәйкес, әуе компаниялары 7,3 млн адамды тасымалдаған. Бұл былтырғыға қарағанда 26,1%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.
Сектордағы ең жоғары көрсеткіштер Алматыға тиесілі: 2,5 млн адам. Үштік қатарында Астана (1,9 млн адам) және Шымкент (678,5 мың адам) қалалары бар. Алматы облысында әуе көлігімен жолаушылардың ең аз саны тасымалданды: 2,8 мың адам.
Жолаушылар айналымы 14,5 млрд пкм құрады: +41,5%.
2023 жылдың 7 айының нәтижесі бойынша әуе көлігімен 13,3 мың тонна жүк пен багаж тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға көп. Бұл кезеңде жүк айналымы 28,9 млн ткм құрады (+1,3%).
Шілде айының қорытындысына сәйкес елімізде жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау қызметтері бір жылда 10,5%-ға қымбаттады.
Республика бойынша Жетісу облысының тұрғындары бағаның өсуін қатты сезінген: +52,7%. Антилидерлер үштігінде Қызылорда (46,9%) және Солтүстік Қазақстан (15,9%) облыстары да бар. Маңғыстау облысында бағаның ең төмен жылдық өсуі тіркелді: 0,7%.
БҚО-да баға өткен жылдың деңгейінде қалса, ал Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында баға төмендеген.