Жолаушыларға үш тілде қызмет көрсетіледі

837

Жолаушыларға үш тілде қызмет көрсетіледі

Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу аясында қалалық автовокзалда анықтамалық - ақпараттық ресепшн ашылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

"Сапаржай-Астана" ЖШС директорының орынбасары Жарқын Бекжановтың айтуынша, жаз басталғалы жолаушылар ақпаратты үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ала алады.

Өзгеріс тек жолаушылар қызметінде ғана орын алған жоқ. Биыл автовокзал қайта жөндеуден өткізілуде. Күту залында еден жабындысы ауыстырылып, сыртқы келбеті жартылай өзгертілді. Жұмыс толығымен екінші жарты жылдықта аяқталады. Қазіргі таңда кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары аяқталуда. Барлық құрылыс жұмыстары жолаушылар кешенінің жұмысына еш кедергі келтірген жоқ.

"Қазір жолаушылардың жайлылығы үшін автовокзал аумағында ана мен бала бөлмесі, асхана, кафетерий, дүңгіршектер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретхана бар", - деп хабарлады Ж. Бекжанов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу