Жолаушыларға жаңа жағдай: Алматы-1 вокзалы жаңартылып жатыр

378

Алматыдағы Алматы-1 теміржол вокзалын жаңарту жұмыстарының 75%-ы аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Жолаушыларға жаңа жағдай: Алматы-1 вокзалы жаңартылып жатыр Фото: Алматы әкімдігі

Қазір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр. 1976 жылы салынған вокзал соңғы рет 2007 жылы жаңартылған.

Жоба аясында ғимарат пен перронның құрылымдары күшейтіліп, жолаушыларға арналған жағдайлар мен қауіпсіздік талаптары жақсартылады.

Жөндеу жұмыстары былтыр басталған. Нысан тәулігіне мыңдаған жолаушыға қызмет көрсететіндіктен, жаңғырту қарқыны бұған дейін сынға да ұшыраған.

Жоба толық аяқталғаннан кейін Алматы-1 вокзалы заманауи талаптарға сай жаңартылған нысанға айналмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу