Жолаушыларға жол көрсету үшін еріктілер жұмысқа тартылады

1060

Жолаушыларға жол көрсету үшін еріктілер жұмысқа тартылады

ЭКСПО халықаралық көрмесі кезінде 60 ерікті жас Астана теміржол вокзалында жолаушыларға түрлі қызметтер көрсетеді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

"Еріктілер қалаға тұңғыш рет келген қонақтарға билет сатып алу, көрмеге жету, қонақүйлер таңдау, такси шақыру  туралы анықтамалар беріп, жол көрсетеді",- дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Магистральдық желі дирекциясының вокзал шаруашылығы жөніндегі директорының орынбасары  Абай Досанов.

Еріктілер 10 адамнан топталып, екі ауысымда 6 сағаттан,  таңғы 8:00 ден 20:00 сағатқа дейін қызмет етеді.

Олар жолаушылар мен қала қонақтарына барынша мәдениетті қызмет көрсететін болады. Сондықтан да арнайы нұсқаулықтар бойынша біліктіліктерін көтеріп, шеберліктерін шыңдайды. Сонымен қатар тіл үйренді.

ЭКСПО халықаралық көрмесі кезінде "Нұрлы жол" теміржол вокзалында және Астана халықаралық әуежайда қызмет көрсетуге де еріктілер тартылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу