Жолаушылары бар 5 автобус жолда тұрып қалған

298

Күн суықта, алыс жолда қалған 100 адам құтқарылды.  

Жолаушылары бар 5 автобус жолда тұрып қалған Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы inbusiness.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, түнде Абай облысы "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасының" учаскесінің жабылуына байланысты құтқарушылар автобус жолаушыларына көмекке барған.

"Құтқарушылар Аягөз қаласы уақытша орналастыру пунктіне салонында 100 адам, оның ішінде 18 бала болған 5 жолаушылар автобусын жеткізді. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу