Жолаушыларына қызмет көрсетпеген: FlyArystan мен SCAT компаниялары айыппұл арқалады

221

Әуе компаниялары жауапкершілікке тартылды.

Жолаушыларына қызмет көрсетпеген: FlyArystan мен SCAT компаниялары айыппұл арқалады Фото: Көлік министрлігі

Жазғы кезеңде рейстер санының ұлғаюына байланысты ҚР заңнамасында көзделген қызметтерді уақтылы көрсетпеу немесе рейсті кешіктіру кезінде қызметтерді көрсетпеу туралы әуе компанияларға жолаушылардың шағымдары жиілеп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Осыған байланысты, ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік әуе компанияларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.

"Мәселен, Алматы – Қарағанды бағыты бойынша рейс кідіртілген кезде қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақ үйге орналастырылмады, сонымен қатар жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге және кері тасымалдау ұйымдастырылмады) ағымдағы жылдың 11 шілдесінде „FlyArystan“ әуе компаниясына қатысты ҚР „Әкімшілік құқық бұзушылық туралы“ Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оған сәйкес әуе компанияға 1000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Бұған дейін Атырау-Алматы бағыты бойынша рейсті кешіктірген кезде тиісті қызмет көрсетпегені үшін ағымдағы жылдың 24 маусымында "SCAT" әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) құрады", – деп жазды Көлік министрлігінен.

Жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты заңнаманы мүлтіксіз сақтау Азаматтық авиация комитеті жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып табылады және әуе компаниялар тарапынан бұзушылық фактілері анықталса, белгіленген шаралар қолданылатындығын атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу