Жолаушының қолсөмкесінен декларацияланбаған 100 мың доллардай ақша табылды

547

Ақша Түркияға бет алған қазақстандықтан табылды.

Жолаушының қолсөмкесінен декларацияланбаған 100 мың доллардай ақша табылды

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті декларацияланбаған валютаны заңсыз әкету фактісінің жолын кесті, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

"Түркияға бет алған Қазақстан азаматы 100 мыңға жуық АҚШ долларын елден шығармақ болған. Жолаушының қолсөмкесінен кедендік декларациясы жоқ шетел валютасы табылды. Кінәліге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Тәркіленген қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу