Хабаровск өлкесінде итін өлтірген жыртқышты іздеп барған адамды амурлық жолбарыс талап тастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Дүйсенбі күні жолбарыс Хабаровск өлкесінің Лазо ауданының тұрғынына Обор ауылы маңындағы орманға жақын жерде шабуылдаған. Оқиға орнынан жануардың ізі қалған ер адамның денесі табылды.
"Амур-жолбарысы" орталығының телеграм-каналында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, жолбарыс алдымен Обор ауылы тұрғынының итін өлтірген. Иттің иесі аңның ізімен оны іздеп шыққан, орман маңында оған жолбарыс тап берген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу