Жолда ішімдік ішіп, елдің мазасын алған 5 жолаушы пойыздан түсірілді

553

Көлік полицейлері Астана – Шымкент бағытындағы жолаушылар пойызында бұзақылық жасаған бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Жолда ішімдік ішіп, елдің мазасын алған 5 жолаушы пойыздан түсірілді Фото: polisia.kz

12 ақпан күні Сарышаған станциясында Астана – Шымкент бағытындағы жолаушылар пойызынан үш құқықбұзушы акт бойыншаұсталып, пойыздан түсірілді.

– Шу станциясында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру барысында 28 және 33 жастағы Шымкент қаласының тұрғындарын анықтады. Олар жол бойында ішімдік ішіп, балағат сөздер айтып, түнгі уақытта жолаушылардың тыныштығын бұзған, – деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов. 

Оларға қатысты – ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу) , ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК 437-бабының 1-бөлігі (Тыныштықты бұзу) бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 10 АЕК (34 500 тг) мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық бойынша материалдар сотқа жолданды. 

– Дәл осындай фактіні Түрксіб станциясындағы ЖПб қызметкерлері де анықтады. Тәртіп сақшылары Ақтөбе – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан масаң күйде болған 30 және 35 жастағы Алматы облысының екі тұрғынын түсірді. Ер адамдар ҚР ӘҚБтК-нің бірден үш бабы бойынша 440-баптың 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу), 437-баптың 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық), 437-баптың 1-бөлігі (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 15 АЕК (51 750 тг) мөлшерінде айыппұл салынды, – деп түйіндеді ол. 

Сондай-ақ, ол көлік полицейлері жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 197 жолаушыны пойыздардан түсіргенін атап өтті, оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін – 107, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 9, тыныштықты бұзғаны үшін – 3 және т.б (темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу, 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу